Введение

 Русский  Казахский

Чехияның университеттері

Құрметті достар! Біздің Чех Республикасы аумағында орналасқан жоғары оқу орындар туралы ақпараттық парақшамызға қош келдіңіздер. Арнайы сіздер үшін, кең көлемде чех жоғары оқу орындары туралы мол дерекқор жасауға тырыстық, ол дегеніміз, жеке меншік оқу орындары, мемлекеттік оқу орындары, және де коммерциялық оқу орындары. Бұл жерде бюджеттік жүйе немесе ақылы жүйе арқылы әркімнің қалауы бойынша оқуға мүмкіндік беретін ақпараттар жиналған.

Біздің жобамыздың мақсаты сіздерге қажетті жоғарғы оқу орындар туралы ақпараттарды сүзгілеумен қатар, сондай-ақ өзіңізге керек университеттің тарихымен де танысу, және қазіргі таңдағы даму кезеңімен танысу болып табылады, яғни біздің басты мақсатымыз сіздерге толық ақпараттық және ыңғайлы ресурс жасау.

Чехияның университеттері мен жоғары оқу орындары жайындағы үлкен көлемді және толыққанды ауқымды базаларымен қатар, Универбук Чехияның білім беретін саяхаттарын (образовательные туры в Чехии) ұсынатын ең үлкен интернет-портал болып табылады. Олар: қысқаша каникулдық саяхат, сонымен қатар ұзақмерзімді, жылдық және жартыжылдық білім беретін саяхаттар. Универбуктың серіктестері Чехияның жеке кәсіпкерлік ұйымдары мен жоғары оқу орындары болып табылады. Біздің барлық серіктестеріміз іс жүргізу жөнінде мемлекеттік аккредитациядан өткен, және бұны дәлелдейтін тізілімнен үзіндікөшірме қағаздары мен сертификаттар, лицензиялар бар.

Универбук порталында білім беретін бағдарламалар(Образовательные программы) секциясында Чехияның ірі қалалары: Прага, Брно, Пльзень, Млада Болеслав және т. б. қалаларынан әртүрлі бағдарламаларды таба аласыздар. Сіздерге арнап, өзіңізге керек оқу бағдарламасын табу үшін, серіктестік желіні үлкейту жұмыстары әлі де жүріп жатыр.

Өзіңізге кажетті кез келген бағдарламаға Универбук сервері арқылы тапсырыс берумен қатар, Сіздерге төмендегідей қосымша бонус ұсынамыз:

  1. Негізгі немесе !қосымша! (ұсынылған бонусқа қосылған) жеңілдік 200 евроға дейін, кез келген дайындық бағдарламаларын, тіл оқу курстарын немесе каникулдық бағдарламаларын ресімдеу кезінде;
  2. Чехияға келгенге дейін және де келгеннен кейін, аса жоғары білікті визалық қызмет көрсету. Біз сізді консулдық сұхбаттасуға аса білікті дайындап қана қоймай, керек құжаттарды жинау және жіберуді толық қадағалаймыз, онымен қоса заңды берілген мерзімді қолданамыз, еш мерзімнен кешіктірусіз! Сізді Чехияның ІІМ-не тіркейміз, нострификация жасаудағы өтініш мерзімінің дұрыс болуын дұрыстап қадағалаймыз, университеттерге өтініштер жіберуге, және де тағы басқа жұмыстарда көмектесеміз;
  3. Сізге қолайлы тіл үйрету курстарын немесе басқа да дайындық курстарын таңдауға тегін кеңес береміз. Біз бақталас, бәсекелестерімізден қорықпаймыз, керісінше біз олармен доспыз, бұл достықтың ортақ мақсаты – талапкерге өзі қалаған талғамы бойынша аса сапалы дайындық курстарын тауып беру;
  4. Мамандық таңдау, жоғарғы оқу орнын таңдауда, және университеттерге өтініш жіберуде тегін кеңес беру;
  5. Чехияның кез келген қаласынан тұрғын үйді жалдау (аренды жилья) жөнінде,таңдаған облыстың мекен-жайларының бағалары бойынша шолу жасау жөнінде тегін кеңестер береміз;
  6. Чехияның бүкіл аумағында риелторлық қызметтерге (риэлторские услуги) 50% жеңілдік ұсынамыз;
  7. Универбуктің барлық клиенттері халықаралық студент картасын ISIC немесе оның ақшалай баламасын алады (жасы 26-дан асқан тұлғаларға), сонымен қатар 500 бірлігі бар ұялы байланыс картасын береміз! немесе оның ақшалай баламасын ұсынамыз!;
  8. Жоғарыда айтылған қызметтерден басқа, Чехияның кез келген провайдерінен интернет желісіне қосылуға 500 кронға дейін жеңілдіктер ұсынамыз, сондай-ақ ресейлік кабелдік теледидар желісін қосуда қызмет көрсете аламыз.

Универбукпен бірге серіктес болу сізге үлкен пайда келтірер деп үміттенеміз, ал ең бастысы, әркім Чехиядағы оқу жөнінде, тұру және бейімделу жөнінде көкейкесті, өзекті сұрақтарға жауап ала алады деп сенеміз.

Ізгі ниетпен, Универбук ұжымы

HOT-ПРЕДЛОЖЕНИЯ! Лучшие образовательные программы по лучшим ценам! 

Популярные университеты

Популярные страны

Популярные города